Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттау рәсімі өтті

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ел Конституциясының 25 жылдығына орай «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен ректор, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен педагогика ғылымдарының кандидаты, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова марапатталды. 

Сонымен қатар, жиналыс аясында «Химия» мамандығының 2 курс студенті Нариман Қайырбековке Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы стипендия иегері сертификаты табыс етілді.  

Салтанатты шарада VIII Универсиада жеңімпаздарына, биыл 1-ші орын алған спортшы-студенттерге 50 мың теңгеден сертификаттар табысталды.

16 спортшы сертификат алды – Равиль Такенов, Лариса Переверзева, Жаңыл Болатханқызы, Маргарита Гарикова, Қуаныш Берембеков, Валентина Дедюхина, Дина Тузган, Ақбота Хайтбаева, Егор Павленко және басқалар.

Сонымен қатар, байқаулар мен номинациялардың жеңімпаздары, атап айтсақ «ШҚМУ аруы-2020» – Алтынай Айтпаева, «Зияткерлік аруы» – Әсел Ерікова, «Даралық аруы» – Аружан Сайфуллина, «Нәзіктік аруы» – Әнел Уәлханова, «Ең белсенді ару» – Альбина Жүнісова марапатқа ие болды,

Баспасөз қызметі,

тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo