С.Аманжолов атындағы ШҚУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында Түркиядан екі волонтер өз қызметін бастады. Филология ғылымдарының докторы, доцент Гүлбану Думан мен магистр Садуллах Думан «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы аясында екінші шет тілінің практикалық курсынан сабақ береді.
«Тілдік оқытудың халықаралық стандарттарын іске асыру және оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы мамандарды шет тілдік даярлауды жетілдіру» кафедралық тақырыбы аясында ерікті профессорлармен бірге шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен және магистранттармен түрік тілін оқыту курстарын ұйымдастыру, түрік тілін оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдарды бірлесіп әзірлеу жоспарланған.
Екі ерікті де шет тілдерін оқытудың жаңа инновациялық әдістемелері бойынша оқыту, студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыратын, ынтаны арттыратын, тілге оң көзқарасты қамтамасыз ететін және тілдік құзыреттілікті арттыруға ықпал ететін оқытудың коммуникативтік технологияларын енгізу бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мол жұмыс тәжірибесі бар.
Түркия ғалымдарымен мақсатты бірлескен жұмыс негізгі және екінші шет тілдерін оқытудың тиімділігін арттыруға және «Шет тілі: екі шет тілі» ББ бойынша мамандарды даярлауға бағытталған.
Баспасөз қызметі