Экономика және басқару кафедрасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Менеджмент», «Туризм» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін экономика, әлеуметтік-экономикалық даму, мемлекеттік және жергілікті басқару мәселелері бойынша тәжірибеге бағытталған қонақ дәрістерінің циклін бастады.
Zoom платформасында білім алушылар Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы, кафедра түлегі Руслан Амангелдіұлы Серғазинмен кездесті.
Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқарудың заманауи мәселелері туралы мазмұнды пәндік әңгіме болды. Білім алушылар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Экономика және басқару кафедрасы