Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Уәлиев оқулары – 2020» аясында пікірталас алаңдары өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ұйымдастырған «Уәлиев оқулары 2020» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы аясында төрт пікірталас алаңы өтті, оның жұмысына төрт елден 370-ке жуық адам қатысты.

«Химия ғылымы мен білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілері» қарастырылған №1 пікірталас алаңының жұмысына 155 адам, «Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың өзекті мәселелері» пікірталас алаңының жұмысына 54 адам қатысты. С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Химия» мамандығы бойынша 1 курс магистранты Ж.Б. Жолкелдиев ағылшын тілінде «Synthesis and study of coordination of ZN (II) with humic acid» баяндамасын жасады.

Тақырыбы «STEM – әлемдегі және Қазақстандағы білім беру» №3 пікірталас алаңы барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты И.В. Ровнякова «STEM-білім беру: тарихы, мәселелері және болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, ШҚУ магистранттары мен студенттері сөз сөйледі. Пікірталас алаңының жұмысына барлығы 55 адам қатысты.

«Қазіргі заманғы жоғары білім: проблемалар, үрдістер мен перспективалар» пікірталас алаңы 104 қатысушыны біріктірді, баяндамашылар арасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары мен магистранттары болды. Пікірталас алаңдарына барлығы 368 адам қатысты.

Конференция қорытындысында қарар жобасы қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo