Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Уәлиев оқулары – 2020» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде профессор Жұмаш Кәрімұлы Уәлиевті еске алуға арналған «Ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы «Уәлиев оқулары 2020» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Польша, Түркия және т.б. елдердің ғалымдары қатысты.

– Жұмаш Кәрімұлы Уәлиевтің өмір жолы – ғылым мен білім беру ісіне қалтқысыз әрі адал қызмет етудің үлгісі. Жұмаш Кәрімұлының бүкіл өмірі ӨПИ-ШҚМУ-мен тығыз байланысты. Ол біздің университеттің ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл білімінің тарихында өзінің жарқын ізін қалдырды. Ж.К. Уәлиевтің университетіміздің дамуына қосқан үлесі көп қырлы және маңызды. 1960 жылы Өскемен педагогикалық институтының бірінші ректоры болып, осы институтты ширек ғасыр бойы үздіксіз басқарып келді. Оның жетекшілігімен жоғары оқу орны Кеңес Одағының жетекші институттарының біріне айналды. 70-ші жылдардың басында ЖОО ұжымының қол жеткізген табыстары сонша, оларды КСРО және ҚазКСР Үкіметі байқап, лайықты бағалады. 1975 жылы РҚАО бірінші санаттағы ЖОО қатарына ауыстырылды. Сонымен қатар, университет Кеңес Одағының үздік педагогикалық университеттерінің алғашқы ондығына кірді. 7 жылдан кейін, 1982 жылы КСРО 262 педагогикалық ЖОО  арасындағы бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, оған ауыспалы қызыл ту беріледі, – деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, конференция модераторы М.Ә.Төлеген.

Ректордың айтуынша, Ж.К. Уәлиевтің еліміздің жоғары оқу орындары үшін кадрлар даярлауда сіңірген еңбегі зор және бүгінде көрнекті ректордың тәжірибесін қабылдай отырып, ШҚУ тек бакалавриат, магистратура ғана емес, докторантура, диссертациялық кеңес сияқты жаңа білім беру бағдарламаларын ашты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті аты аңызға айналған ректордың естелігін ұқыпты сақтауда. Университеттің бірінші құрметті ректорының есімі №1 оқу корпусының ғимаратына мемориалдық тақта орнатумен, Өскемен қаласындағы Уәлиев көшесінің, ЖОО-дағы №430 атаулы аудиторияның пайда болуымен, Ж.К. Уәлиев атындағы стипендияның тағайындалуымен мәңгі есте қалды. Сонымен қатар, университет Уәлиев атындағы көшеде орналасқан №48 мектепке университеттің құрметті ректоры Уәлиев Жұмаш Кәрімұлының есімін беруге бастамашы болды.

– «Уәлиев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы – 20 ғасыр ғалымы, ұлы даланың лайықты ұлы, көрнекті тұлға туралы ұрпақтардың естелігіне құрмет ретінде қараша айының соңында өткізілетін дәстүрлі конференция. Конференцияның мәртебесі – халықаралық және конференцияға қатысу үшін көптеген мақалалар келіп түсті, олардың 500-ден астамы тек отанымыздың түкпір-түкпірінен ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелден де келді, қатысушылардың географиясы өте кең. Мен Ресейден, Түркиядан, Польшадан және басқа елдерден келген қонақтарды, сондай-ақ конференцияның барлық қатысушыларын – Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің оқытушыларын, магистранттарын, докторанттарын, педагогтарын қарсы алуға қуаныштымын, – деп түйіндеді М.Ә.Төлеген.

Адамның есімі әрқашан ұрпақтар мен ізбасарларында сақталады. Жұмаш Кәрімұлының керемет балалары бар: Уәлиев Тимур – «ҚР Құрметті химигі», химия ғылымдарының кандидаты, Уәлиева Софья – Нұр-Сұлтан қаласының медициналық орталығының гинеколог-дәрігері, Тоқмағамбетова (Уәлиева) Розалия – география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ бас ғылыми хатшысы (Алматы қ.).

Конференцияда сөз Жұмаш Кәрімұлының ұлы – Қазақстанның химия өнеркәсібі саласында көп жылдар бойы жұмыс істеген химия ғылымдарының кандидаты Тимур Жұмашұлына берілді, ол конференцияның басшылығы мен ұйымдастырушыларына «Уәлиев оқуларын» өткізгені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры А.Ш. Жылқыбаева, Зонгулдак Бүлент университеті (Зонгулдак қ., Түркия) түрік тілі және әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Садуллах Думан, ғылым докторы, Адам Мицкевич атындағы университеттің өсімдіктер таксономиясы кафедрасының профессоры (Познань қ., Польша) Петр Шкудлаж, Алтай мемлекеттік университеті география институтының деканы (Барнаул қ., Ресей), география ғылымдарының докторы, А.Н. Дунец, Фират университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі және әлеуметтік білім беру орталығының директоры (Элязыге қ., Түркия), профессор Шенгүн Мұстафа-Танер баяндама жасады.

– Шығыс Қазақстан университеті менің де жоғары оқу орным екенін мақтанышпен айта аламын, өйткені 2 жыл ішінде сіздердің тамаша студенттеріңізбен және ЖОО ұжымымен еңбек ету мәртебесіне ие болдым. Сіздердің университеттеріңіз, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, Экология және география кафедрасы, кітапханадағы сирек кітаптар қоры, Өскеменнің, Шығыс Қазақстанның естелік орындары, мысалы, Ақбауыр туралы ең жақсы естеліктерім қалды. Жоғары оқу орындары рейтингінде Шығыс Қазақстан университеті білім мен ғылым флагмандарының қатарында Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарынан алда келе жатқаны өте қуанышты, – деді профессор, доктор Шенгүн Мұстафа-Танер Қазақстан мен Түркияның одан арғы ынтымақтастығына үміт білдіріп.

Конференцияның пленарлық бөлімінде «Жұмаш Уәлиевтің өмірі: серіктестердің естеліктері» атты бейнеролик көрсетілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo