Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ұлттық біліктілік тестілеуге арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар өтті.

Семинар спикерлер – п.ғ.к., Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті Т.В. Паньшина, орта білім мазмұнын жаңарту тренері, «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Р.С. Чекетаева, университеттің Ғылыми кітапханасының маманы Л.П. Ершованың қатысуымен өтті.

Т.В. Паньшина ұлттық біліктілік тестілеу құрылымының ерекшеліктері, тестілеуді әзірлеу және өткізу туралы баяндама жасады, сондай-ақ сынақ құрылымын талдау нәтижелерінің қорытындылары бойынша дұрыс құрастырылмаған сұрақтар бойынша ақпаратпен бөлісті.

Р.С. Чекетаева ұлттық біліктілік тестілеу құрылымына арналған және «Педагогика, оқыту әдістемесі» блогының тақырыптарын қамтитын ауқымды баяндама жасады. Сонымен қоса, тестілеуге дайындалу үшін "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен (Астана, 2017) бірлесіп әзірлеген «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Студентке арналған нұсқаулық» оқу құралдары ұсынылды.

Университеттің Ғылыми кітапханасының маманы Л.П. Ершова ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалуға арналған электрондық оқу ресурстары, мультимедиялық оқулықтар мен электрондық кітапхана платформалары туралы айтып, портал функционалымен, оның ішінде бейнедәрістер, тест материалдары, 3D және 2D анимациялар туралы таныстырды, сондай-ақ "Эпиграф" баспасы өткізген «Қашықтан оқытудағы заманауи технологиялар» тақырыбындағы онлайн вебинар мен электронды кітапханаға қолжетімділіктің ашылуы туралы айтты.

Студенттердің ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындығын жүргізуге мониторинг және талдау жасау туралы ақпаратпен э.ғ.к., Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова сөз сөйледі.

Жалпы, семинар жемісті өтті. Семинардың барлық қатысушылары белсенділік танытты.

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo