Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына арналған дөңгелек үстел өтті

Рухани жаңғыру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ф.К.Қабдрахманованың жетекшілігімен Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігіне орай «Ұлы даланың жеті қыры» – төл мәдениетіміз бен тарихымыздың қайнар көзі» атты дөңгелек үстел өтті.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаланың маңызын бүкіл қоғам терең түсініп, еліміздің рухани тәуелсіздігін нығайтатын стратегиялық құжатқа балап отыр. Жаһандану жағдайында өзіміздің мемлекеттілігімізді, тілімізді, дінімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді, жалпы ұлттық ерекшеліктерімізді қалай сақтап қаламыз деген мәселе бойынша ақпараттар берілді. Кейінгі жылдары жерімізден та­был­ған тарихи жәді­гер­лер біздің бабаларымыздың көне заманнан бері ең озық, ең үздік өрке­ниетті жасағанын, тари­хы­мызға тың көзқарас­пен қарауға мүмкіндік ашып отырғанын, біздің елімізде мықты өнер мен мәдениет болғанының дәлелі.

Дөңгелек үстелге түрлі мамандықтардың білім алушылары мен факультеттің оқытушылары қатысты. Туризм мамандығының 2 курс студенті Әли Еміл «Ұлт тарихының әлемдік өркениеттегі орны мен рөлі», «Құқықтану» мамандығының білім алушылары Нұрболат Социалов «Ұлы даланың жеті қыры – тәрбиелік маңызы зор тарихи құжат», Ернар Тұрдыбаев «Ұлы даланың жеті қыры – сарқылмас ұлттық мұра», Нұртілек Тұрсынқанов «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыптарында баяндама ұсынды, сондай-ақ қатысушылар арасында тарихқа қатысты пікірталас туындап талқыланды. Сонымен қатар мағыналы видеоролик көрсетілді. Қатысушылар құнды мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

Қазақ
× You found a Typo