- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
20 қарашада Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша пікіралмасу түріндегі ашық диалог (онлайн форматта) өтті.
Барлық мамандықтардың 1 курс магистранттары мен «саясаттану» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған ашық диалог барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты барлық ақпараттар ортаға салынып, талқыланды.
Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кафедраның оқытушылары жауап беріп, білім алушылардың толық ақпарат алуына, мақалаға қатысты білімдерін толықтыруға, сондай-ақ әрбір қатысушының өз ойын ортаға салып, талдау жасауына мүмкіндік берілді.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы