Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Үміт» үйінің мектеп бітірушілерімен онлайн ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді

Бүгін Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің мектеп бітірушілеріне С. Аманжолов  атындағы ШҚУ-ды таныстыру мақсатында  «Room Tour» форматында онлайн ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мақсат – жастарға мамандық таңдауға көмектесу, ЖОО жайлы ақпарат беру, мектеп бітіруші түлектер мен оқу орны арасында кері байланыс орнату.

Кездесу барысында С.Аманжолов  атындағы ШҚУ-дың тарихы, факультеттері, оқуға түсуге қажет құжаттардың тізімі кеңінен таныстырылды. ЖОО-ға түсу бойынша ректор гранты мен жеңілдіктер жайлы инфографикалар көрсетілді. Марлен Әбубәкір оқу орнындағы өзін-өзі басқару ұйымдары туралы презентатция жасап, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызы мектеп бітірушілерге сәттілік тілеп, алдағы уақытта да байланыста болатынын атап өтті.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo