С. Аманжолов атындағы ШҚУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында Түркиядан келген екі волонтер – филология ғылымдарының докторы, доцент Г. Думан және магистр С. Думан өткен жылдан бастап «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы шеңберінде түрік тілінің практикалық курсын оқытуда.
Биыл Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы университет қызметкерлері мен оқытушыларына арналған түрік тілі курстарына қабылдау жариялады.
Түрік тілі курстары 13 қаңтарда №9 оқу ғимаратында басталады. Курстарға жазылу – 12 қаңтарға дейін. Байланыс телефондары: 25-28-02, 87052637395.
Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы