Университеттің жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ЖОО-ішілік «Жылдың үздік жас ғалымы – 2020» атты конкурс өтті.
Конкурстық комиссияның шешімі негізінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша: 1 орын – Мүтән Гүлнұр Қайырқанқызы, 7М03102 "Мәдениеттану" ББ 2 курс магистранты, 2 орын – Еркежан Ерғалиқызы Оқасова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің оқытушысы.
Техникалық және жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша: 1 орынды 8D01502 "Физика" ББ 3 курс докторанты Дастан Болатұлы Бүйткенов, 2 орынды ҰПҰҒЗ кіші ғылыми қызметкері Тілек Қуанышбекұлы Қуанышбеков иеленді.
Инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті