Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да үш ел оқытушыларының қатысуымен халықаралық әдістемелік онлайн семинар өтті

26 қарашада Физика кафедрасында «Сыныптан тыс іс-шаралардың рөлі оқушылардың төрт негізгі дағдыларын дамыту шарттарының бірі ретінде: креативтілік, коммуникабельділік, сыни ойлау және командада жұмыс істей білу» тақырыбында халықаралық онлайн әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Онлайн семинар https://meet.google.com платформасында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына еліміздің түрлі облыстарынан, сондай-ақ Ресей мен Беларусьтен 120 адам қатысты.

Семинар тақырыбы бойынша Өскемендегі №19 мектептің физика мұғалімі Светлана Копейкина, Риддер қаласы М. Горький мектебінің физика және информатика мұғалімі Анастасия Кузнецова, Павлодар жоғары басқару колледжінің физика оқытушысы Марина Белозерова сөз сөйледі.

Семинарда сыныптан тыс іс-шараларды өткізудің рөлі мен мақсаттары қарастырылды. Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, сабақтар өткізу қажеттілігі көрсетілді.

Семинар соңында қатысушыларға сауалнамаға жауап беру ұсынылды.

Сауалнама нәтижелері бойынша оқытушылар мен мұғалімдерге осындай семинарлар қажет деп қорытынды жасауға болады. Барлық қатысушыларға электрондық сертификаттар берілді.

Видео https://drive.google.com/file/d/1gXAo6o1SglOXeQ0Jk2Dr9E49-npPQ_tX/view

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo