- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ұстаздар күні қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың аға оқытушы Аяулы Бұлғынбаева бүгін «Халықаралық қатынастар» мамандығының 3 курс студенттеріне «Ұстаз ұлағаты» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді.
Сабақта ұстаз мәртебесі және тақырыпқа сай көптеген мәселелер талқыланды.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым ұлағатты тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
«Халықаралық қатынастар» мамандығының 3 курс студенттері