Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Ұйымдар жәрмеңкесі» өткізілуде

Еліміздегі шектеу шараларына байланысты биыл оқу жылы ерекше басталады, 1 курс студенттері онлайн форматта қабылданды. Оларды комитет қатарына қосу, оқу орнындағы ұйымдармен таныстыру мақсатында «Ұйымдар жәрмеңкесі» ұйымдастырылуда.

Алғашқы күні Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасы Марлен Әбубәкір @amanzholov_university инстаграм парақшасы арқылы жас буынмен жүздесіп, оларды белсенділер қатарына шақырды.

Осы лекпен күн сайын ұйым жетекшілері байланыс орнатуда. Атап айтсақ, бүгінге дейін «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Сағадат Мұса, «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының жетекшісі Айбота Шанжың, «Парасат» интелектуалды клубының жетекшісі Жақсылық Асабаев, «Ділмар» дебат клубының координаторы Ақерке Әмен студенттермен жүздесті.

Жәрмеңке алдағы уақытта жалғасады.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo