Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «XXI ғасыр бухгалтері» ғылыми үйірмесінің отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында онлайн режимінде «XXI ғасыр бухгалтері» ғылыми үйірмесінің ашық отырысы өтті.

Отырысқа Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары, ғылыми үйірме мүшелері, колледж оқытушылары, ЖОО-ның басқа кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты. Отырыс барысында үйірменің ғылыми жетекшісі К.Ж. Шолпанбаева қатысушыларды Экономика және құқық факультеті әдістемелік онкүндігінің басталуымен құттықтап, шығармашылық табыс, жемісті жұмыс тіледі. Студенттерге бейін бойынша білім алып қана қоймай, сонымен қатар ғылымға белсенді қатысу керек екенін айтты (мақалалар жазу және оларды жариялау, ғылыми жобаларды әзірлеу, олимпиадаларға, семинарларға, конференцияларға қатысу).

Ашық отырыста мына студенттердің баяндамалары ерекше аталып өтті: Дементьева Юлия, Қажытаев Әділет, Әшімов Әрсен, Федорова Татьяна, Канапьянова Ардақ, Фаизгалиева Диана, Нұрланова Сабина, Арынғазинова Назым, Чагиева Меруерт. Баяндамашылардың сөздерінен кейін қатысушыларға баяндама тақырыптары бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.

Кафедраның, факультеттің оқытушылары және шақырылғандар тақырыптардың өзектілігін, практикалық және теориялық құндылығын, ғылыми ойын және жеке гипотезалардың авторлары шығарған нұсқаларын атап өтті.

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo