Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да әйгілі ғалым-заңгер С. Зимановтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

17 ақпанда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да заң ғылымының көрнекті өкілі, ҰҒА академигі, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел тақырыбы – «Cалық Зимановтың теориялық, құқықтық және тарихи-құқықтық зерттеулердің көрнекті ғалымы ретіндегі ғылыми мұрасы».

Дөңгелек үстелде С.З. Зимановтың қазақ қоғамының тарихи-құқықтық және саяси зерттеулері саласындағы ғылыми мұралары, оның өмірі, шығармашылығы, қазақ мемлекетінің қалыптасуының тоталитарлық кезеңінен кейінгі егеменді демократиялық қазақ мемлекетінің құрылу мәселелері жөніндегі ғылыми көзқарастары талқыланды.

Іс-шараға отандық мемлекеттік, білім беру және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты – ҚР ҰҒА бірінші академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Н. Сәбікенов, заң ғылымдарының докторы Е.Б. Абдрасулов, заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраева, заң ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және ғылым қайраткері Е.О. Алауханов, заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Рахымбердин.

Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген академик өмір бойы «заң ғылымының патриархы» деп танылғанын атап өтіп, Салық Зимановтың бай ғылыми және шығармашылық мұра қалдырғанын айтты. Оның билер сотын талдауға, қазақ қоғамының саяси жүйесін бағалауға арналған көптеген еңбектері бүгінгі күні де әрбір заңгер, мемлекеттік орган, бүкіл Қазақстан халқы үшін өзекті және үстелүсті кітаптары болып табылады, өйткені олар ұлттық патриотизм сезімін, қазақ халқының тарихын, оның егемендігін құрметтеуді, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауапкершілік сезімін арттыруды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру бойынша пәрменді шаралар ұсынады.

– Біздің оқу орнымызда, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік қайраткерлердің құрметіне арналған кездесулерді, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру игі дәстүрге айналды.

Егеменді Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан ғалым, мемлекет қайраткері, өз Отанының нағыз патриоты Салық Зиманұлы Зиманов – тұғырлы тұлғаның үздік үлгісі. 

Осындай көрнекті ғалымның өмірі мен қызметі біздің студенттерімізді, әріптестерімізді, құқық қорғау органдарының өкілдері мен тәжірибелі заңгерлерді қызықтыратыны қуантады.

2021 жылдың 9 ақпанында Салық Зиманұлы Зиманов 100 жасқа толар еді. Академик Зиманов – заңгер-ғалым, отандық заң ғылымының негізін қалаушылардың бірі, іргелі еңбектердің авторы. Маңыздылығы жағынан оның "XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы" және "XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси жүйесі" атты екі монографиясы бірегей еңбектер болып саналады.

Оның қазақ құқығының тарихын зерттеуге қосқан үлесі елеулі. Көптеген жылдар бойы С.З. Зимановтың басшылығымен ғылыми-зерттеу тобы материалдар жинаумен және қазақтың ортағасырлық "Жарғы" құқық жүйесін зерттеумен айналысты, оның негізгі көздері әдет-ғұрып, құқықтық нормалар, хан заңнамасы және көрнекті қазақ билерінің сот прецеденттері болды.

Ол "Қазақтың ата заңдары" атты күрделі ғылыми еңбегін дайындап, басып шығарды.

Заңгерлер ғалымның осы ғылыми ойына ерекше құрмет көрсетеді, бірақ мен оның әскери ерліктерін еске салғым келеді, өйткені ол – Ұлы Отан соғысының қатал мектебінен өткен жан.

1939 жылғы желтоқсанда ол Кеңес әскеріне шақырылып, Грузияда қызмет етті, сол кезде Ұлы Отан соғысы басталды.

1941 жылдан 1945 жылға дейін майданда С.З. Зиманов Днепр, Одер, Буга өзендерінен әскер өткізуге, КСРО мен Еуропа елдерінің түрлі қалалары мен кенттерін фашистерден азат етуге, Кенигсберг қаласын алу ұрысына қатысып, жарақат алды.

Тіпті артиллериялық отты өзіне бұруға тура келген жағдайлары да болды. Соғыс соңында әскери офицер Зиманов майор ретінде механикаландырылған бригаданың артиллериясын генералмен бірге басқарды және 1945 жылдың мамырында Эльбадағы одақтастар армияларының кездесуіне қатысты. Ол солдат ретінде де, ғалым ретінде де тартысты өмір сүрді.

Адамгершілікке жатпайтын соғыстың барлық зардаптары мен қиыншылықтарына қарамастан, ол кісі өте байсалды әрі салмақты болды.

Мен бұл ұлы адамды көріп, оның тыныш әрі жұмсақ дауысын естігеніме әрқашан қуаныштымын. Дау-дамайда да ол ешқашан дауыс көтермеген, бірақ оның дәлелдері әрқашан салмақты болғандықтан, қарсыластары онымен келісетін.

Осы жылдың 4 қарашасында оның өмірден озғанына 10 жыл болады, бірақ мәңгілік сапарға аттанса да, ол кісі бізге іргелі ғылыми жұмыстарын ғана емес, сонымен бірге оның тәжірибесін, білімін және жоғары адамгершілік, мейірімділік пен әдептілік қабілеттерін қабылдаған дарынды ғалымдардың үлкен шоғырын қалдырып кетті.

Өзі өте талапшыл, еңбекқор және жауапты адам бола отырып, ол біз үшін үздік тәлімгер болды, көптеген жастарға өз күшіне сенуге және өздерін ғылымға арнауға көмектесті, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры.

Тұсаукесер 

Экономика және құық факультеті

 

Қазақ
× You found a Typo