Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Жалпы психология» пәні бойынша психолог-студенттерге арналған ашық сабақ өтті

Педагогика, психология және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының «Психология», «Клиникалық психология», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары студенттеріне ашық сабақ өтті.

Аға оқытушы Құралай Тоқтарбекова «Сөйлеу психологиялық зерттеу пәні ретінде» тақырыбы бойынша теориялық және практикалық мақсаттарды жүзеге асырды.

Оқу материалының ғылыми-әдінамалық негізі қарастырылып, сабақ құрылымының кезеңдері сақталынды.

Онлайн форматтағы ашық сабақты құрылымдық элементтері сақталына отырып, студенттермен жоғары деңгейде кері байланыс орнатылды.

Сабақтың мақсаттарын ұйымдастыру барысында оқытушы қазіргі таңда қашықтан оқытуда қолданылатын оқу платформаларын қолданды. Атап айтқанда, Padlet интерактивті тақтасы, «Quizizz» сервисінде студенттермен тікелей жұмыс жасалынды. 

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo