Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Жамбыл атындағы облыстық мектеп-гимназия-интернат оқушыларымен онлайн кездесу өтті

11 наурыз күні Тарих, филология және халықаралық қатынастар  факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат оқушыларымен «Мен де осы мектептің түлегімін!» атты онлайн кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде аталмыш мектеп-университет  түлектері С.Т. Қасенов, А.М. Картаева, Ж.З. Әлдебаева білім алған оқу ордасы туралы ақпаратпен, өз мамандықтарының ерекшеліктерімен бөлісіп, оқушыларға тартымды әсер қалдырды. Маркетинг, мансап және еңбекпен қамту орталығы мен қабылдау комиссиясы өкілдері талапкерлерге әлеуметтік жеңілдіктер мен ҰБТ-ның жаңа талаптары, оқу орны білім беру бағдарламаларының мақсат-міндеті, университеттің әлеуеті, студенттердің жетістіктері туралы мәліметті бейнелі жеткізді.

Шараға алпысқа жуық 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Айман Сапанова,

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика  кафедрасының аға оқытушысы, кәсіптік бағдар беруші

Қазақ
× You found a Typo