Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Жамбылға арналған ғылыми және әдеби-танымдық дөңгелек үстел өтті

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында Жамбылдың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл – Ұлы дала мақтанышы» ғылыми және әдеби-танымдық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шара мақсаты ақынның шығармашылығын жаңа қырынан насихаттау, жамбылтанудағы тың мәселелерді саралау, оларды жүзеге асыруға қатысты ой-пікірлер мен ұсыныстарды ортаға салу болды.

Дөңгелек үстелде кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С. Қасенов «Жамбылтанудағы тың мәселелер», кафедра филиалдарынан – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің аға оқытушысы Ж. Әкімбаева «Жамбыл – Ұлы дала жыршысы», Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы гимназияның мұғалімі, докторант М. Мұқашева «Заманауи білім беру жүйесінде Қанипа Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясымен Ж. Жабаев шығармашылығын оқытудың тиімді жолдары», магистрант Г. Толымханова «Жамбыл әлем әдебиеті көкжиегінде» тақырыптарында баяндама жасады.

Сонымен қатар филология магистранты, ақын Дәулетберді Жәкейұлы Жамбылға арнау оқыды.

Шара соңында қатысушылар мен қонақтар жамбылтану бағытындағы зерттеу жұмыстары төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салып, қорытынды жасады.

А. Сейпутанова, ШҚУ доценті 

Қазақ
× You found a Typo