Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Жамбылға арналған онлайн дөңгелек үстел өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері аға оқытушы Г. Апышеваның жетекшілігімен жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жамбыл – Ұлы дала жыршысы» атты дөңгелек үстел өткізді.

«Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым», – деген Жамбыл қандай құрметке де лайық.

Zoom платформасында өткен дөңгелек үстелде Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы жайында баяндамалар тыңдалып, өлеңдері жатқа оқылды. Ақын туралы бейнебаян мен слайдтар көрсетілді. 1 курс студенті Адалбек Ардақ Жамбылға арнаған арнауын оқыды.

Іс-шараға қатысқан кафедра меңгерушісі С. Қасенов және 1 курс кураторлары Б. Бияров пен А. Әлімхан алған әсерлерімек, ойларымен бөлісті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo