С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дағы онлайн кездесу барысында білім беру саласының сарапшысы, «BTS Education» компаниясының бас директоры Саясат Нұрбек жақын арада еңбек нарығында сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтар туралы айтып берді.
– «Жаңа кәсіптер атласы» алдағы 5-10 жылда қандай құзыреттер талап етілетінін түсінуге, белсенді дамып келе жатқан салаларды, жаңа технологияларды, өнімдерді, басқару практикасын және жұмыс берушілерге қандай жаңа мамандар қажет болатынын анықтауға көмектеседі. «Атлас» – бұл ЖОО үшін модульдік және білім беру бағдарламаларын құру, білім алушылар үшін қызықты болашаққа өзіндік қозғалыс траекториясын салу мүмкіндіктерінің алаңы, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті