Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» дөңгелек үстелі өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғырудағы Қазақстан ономастикасы: Шығыс Қазақстан облысының латын графикасына негізделген антропонимдер және топонимдер жүйесі» тақырыбындағы жоба аясында латыннегізді жетілдірілген жоба мен емле ережелерінің теориялық-практикалық мәселелерін талдау мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценттері, филология ғылымдарының кандидаттары А.Ә. Әлімхан, А.А. Айтмұқашова, Б.Н. Бияров, филология магистрі Ж.Қ. Қайырбаева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Ұ. Ержанова баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге қатысқан магистранттар, докторанттар мен мектеп мұғалімдері латыннегізді әліпбидің умлаутты жобасы жайлы ақпараттармен танысып, практикалық тапсырмалар орындап, пікірлерін білдірді.

«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы,

Қазақ, орыс филологиясы мен журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo