- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті онлайн форматта «Жаңа жағдайлардағы жаңа мүмкіндіктер» дебат ойынын өткізді.
Ойын басында ЖҒжТФ деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Санат Құмарбекұлы сөз алып, оқу ордамыздағы дебат клубының мүшесі Ақерке Құрманбекпен бірге төрелік етті.
Қазіргі кездегі жаңа жағдайлар ретінде ел ішін дендеген дерт пен қашықтан оқыту жүйесі қарастырылды.
Дебатқа ЖҒжТФ 1 және 2 курстан 8 студент қатысып, 4 командаға бөлінді. Сәйкесінше әр тараптың пікірлері де әртүрлі болды. Дебат ойыншылары өздерінің өткір пікірлерін ортаға салды. Бірі қашықтан оқудың тиімділігін айтып, өз-өзіңді дамытуға уақыт табуға болатынын тілге тиек етсе, енді бірі онлайн оқу жүйесінің материалдық мәселелері мен кемшін тұстарын атап өтті. Әрине, осы тұста шалғай аймақтарда тұратын студенттер үшін интернет желісінің тұрақсыздығы көп қиындық тудырып жатқаны да сөз болды.
Дебаттың әр қатысушысына арнайы сертификаттар табысталатын болады.
Онлайн дебат ойынын қорытындылай келе студенттер танымдық пікірсайыстарды көбірек өткізуге тілек білдірді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті алда көптеген іс-шаралардың өтуіне мұрындық болады.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті