Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да жаппай ашық онлайн-курстар (ЖАОК) әзірлеуге арналған бірінші конкурстың қорытындысы шығарылды

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу және қашықтықтан оқыту технологиялары бөлімдері цифрлық педагогика зертханасының қолдауымен алғаш рет Ашық білім берудің электрондық алаңдарында ЖАОК форматында онлайн-курс әзірлеуге ЖОО-ішілік конкурс ұйымдастырды және өткізді.

Байқау ШҚУ ПОҚ-ның ғылыми-педагогикалық қызметін ынталандыру және IT-құзыреттілігін дамыту, оларды шығармашылыққа тарту, үздік педагогикалық практикаларды онлайн-ортада тарату, үздік бұқаралық ашық онлайн-курстарды іріктеу және ілгерілету, кәсіби қызметке білім берудің жаңа модельдері мен технологияларын енгізу мақсатында өткізілді. 

Байқау жеңімпаздары анықталды.

Жеке өтінімдер бойынша жеңімпаздар:

І орын - "Медиацияның кіріспе курсы", жетекшісі – Аксана Александровна Каленова, Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

ІІ орын - "Оптика", жетекшісі – Евгения Петровна Шевчук, Физика кафедрасының аға оқытушысы, магистр-инженер;

"Қаржы", жетекшісі – Жапарова Айнагүл, Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы, магистр.

ІІІ орын - "Өмір қауіпсіздігі", жетекшісі – Валерий Александрович Седелев, Экология және география кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының докторы; "Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері", жетекшісі – Людмила Ивановна Белоусова, Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы; "Толқынды оптика", жетекшісі – Евгения Петровна Шевчук, Физика кафедрасының аға оқытушысы, магистр-инженер.

Ұжымдық өтінімдер бойынша жеңімпаздар:

І орын - "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында химия бойынша кейбір күрделі тақырыптарды (тарауларды) зерттеу", жетекшісі – Бақыт Қалиасқарқызы Шаихова, химия кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (авторлық ұжым);

 ІІ орын - "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (ағылшын тілінде), жетекшісі – Сәния Нұрланбекқызы Көбентаева, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (авторлық ұжым);

ІІІ орын – "Биоалуантүрлілік және оны сақтау", жетекшісі – Алмаш Анашпайқызы Кітапбаева, Биология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты (авторлық ұжым).

Байқау комиссиясының жұмысына қатысқан сарапшыларға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және мәлімделген жобалардың табысты іске асуына тілектеспіз!

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

 

Қазақ
× You found a Typo