С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ҚР БҒМ Қаржы орталығының сұрауы бойынша Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының мамандары «Жас мамандарды есепке алу» электрондық базасын толтыруды бастады.
«Жас мамандарды есепке алу» электрондық базасында оқуға түскен сәттен бастап 1 курстан 4 курсқа дейінгі студенттердің қозғалысы толтырылады.
Деректер базасында жеке құжаттардың көшірмелері – жеке куәлік, шарттар, грант беру туралы куәліктер, әрбір грантпен бітірушіге арналған бюджеттік шығыстар туралы ақпарат бекітіледі.
Баспасөз қызметі