С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлеген «Жас талап-2020» ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтап, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.
"Студенттер мен магистранттар арасындағы үздік жоба" номинациясы бойынша 1 орынды 2 курс студенті Нариман Қайырбеков иеленді. Жоба тақырыбы – "Нанокрахмал негізінде биологиялық ыдырайтын композициялық материалдар дайындау". Ғылыми жетекшісі – Ақатан Қыдырмолла, ҰПҰҒЗ аға ғылыми қызметкері, "Химия" мамандығы бойынша PhD докторанты.
2 орын 3 курс студенті ("Менеджмент") Айдар Айбековке берілді. Жоба тақырыбы – "WCC UKA (Work in a couple of clicks) мобильді қосымшасы".
Ғылыми жетекшісі – А.А. Сақтаева, Экономика және басқару кафедрасының оқытушысы.
2 орын 3 курс студенттері ("Дефектология") Мария Громова мен Виктория Поляковаға бұйырды. Жобаның тақырыбы – "Менің ерекше балам" баланың дамуын бағалау бойынша сайт әзірлеу және ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар алу». Ғылыми жетекшісі – С.А.Стельмах, п.ғ.к., Психология және түзету педагогикасы кафедрасының оқытушысы.
3 орын 4 курс студенті Бақдәулет Адалбекке бұйырды. Жоба тақырыбы – "Юпитер Lighting фирмасының интернет дүкені". Ғылыми жетекшісі – С. Адиканова, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, PhD докторы.
3 орынды 3 курс студенттері ("ТжКБ базасында кәсіптік оқыту") Айзат Қыдырбекова мен Әсел Абиева алды, жоба тақырыбы – "Әсем-ай шеберханасы" (ғылыми жетекшісі – А.Т. Үмбетова, Физика кафедрасының өндірістік оқыту шебері) және 3 курс студенті Дидар Жарқын ("Информатика") ие болды. Жобаның тақырыбы – "Адалдық кітапханасы" мобильді қосымшасы. Ғылыми жетекшісі – з.ғ.к., Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы Г.Т. Байыркенова.
– Бүгін біз әлеуеті, ғылыми идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылысы бар белсенді жас ғалымдарды, магистранттарды марапаттадық, – деп атап өтті ректор М.Ә. Төлеген. – Жас ғалымдар – біздің болашағымыз, сондықтан біз оларды әрдайым қолдаймыз!
Баспасөз қызметі