С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Жас талап-2020» жобалар байқауының сараптау комиссиясы ғылыми жобалар байқауының қорытындысын шығарды.
"Студенттер мен магистранттар арасындағы үздік жоба" номинациясы бойынша 1 орынды 2 курс студенті Нариман Қайырбеков иеленді. Жоба тақырыбы – "Нанокрахмал негізінде биологиялық ыдырайтын композициялық материалдар дайындау". Ғылыми жетекшісі – Ақатан Қыдырмолла, ҰПҰҒЗ аға ғылыми қызметкері, "Химия" мамандығы бойынша PhD докторанты.
2 орын 3 курс студенті ("Менеджмент") Айдар Айбековке берілді. Жоба тақырыбы – "WCC UKA (work in a couple of clicks) мобильді қосымшасы". Ғылыми жетекшісі – А.А. Сақтаева, Экономика және басқару кафедрасының оқытушысы. Сондай-ақ, 2 орын 3 курс студенттері ("Дефектология") Мария Громова мен Виктория Поляковаға бұйырды. Жобаның тақырыбы – "Менің ерекше балам" атты баланың дамуын бағалау бойынша сайт әзірлеу және ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар алу». Ғылыми жетекшісі – С.А. Стельмах, п.ғ.к., Психология және түзету педагогикасы кафедрасының оқытушысы.
3 орынды 4 курс студенті ("Ақпараттық жүйелер") Адалбек Бақдәулет алды. Жоба тақырыбы – "Юпитер Lighting фирмасының интернет дүкені". Ғылыми жетекшісі – С. Адиканова, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, PhD докторы. 3 орынға Айзат Қыдырбекова мен Әсел Әбиева, 3 курс студенттері ("ТжКБ базасындағы кәсіптік оқыту"), жоба тақырыбы – "Әсем-ай студиясы/шеберханасы" (ғылыми жетекшісі – А.Т. Үмбетова, Физика кафедрасының өндірістік оқыту шебері) және Дидар Жарқын, 3 курс студенті ("Информатика") ие болды. Жобаның тақырыбы – "Адалдық кітапханасы" мобильді қосымшасы. Ғылыми жетекшісі – з.ғ.к., Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы Г.Т. Байыркенова.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі