С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқу орнындағы «Нұр Отанның» «Жас ұрпақ» бастауыш партия ұйымының ел Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша онлайн-жиналысы өтті.
«Жас ұрпақ» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары, Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова өз сөзінде Жолдауда айтылған білім беруге, әлеуметтік қолдауға арналған міндеттерге баса назар аударды.
Сөз соңында И.В. Ровнякова жаңа оқу жылында ЖОО бастауыш партия ұйымының алдында тұрған міндеттер мен оларды іске асыру тәсілдері туралы айтып берді.
Баспасөз қызметі