Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да жастар арасында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу бойынша студенттермен әңгіме өткізілді

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №3 Студенттер үйінде «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты: Діни тәжірибенің адамның психикалық денсаулығына әсері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Іс-шараға ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының психологы Шынар Байтоқанова, ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Мәнсия Сқақкызы қатысты.

Университеттің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.А. Аманжолова студенттерді «Студенттер үйінде тұру ережелерінің» тармақтарымен және «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ішкі тәртіптемесімен» таныстырды.

Н.А. Аманжолова діни киім киюге, дұға бөлмелерін ашуға, университетте және Студенттер үйінде діни атрибуттарды пайдалануға тыйым салынғанын айтты. Сонымен қатар, ол студенттердің мемлекеттік органдар, университет әкімшілігі рұқсат бермеген іс-шараларға (митингілер, шерулер, пикеттер) қатыса алмайтыны, саяси партиялар мен діни ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құра алмайтыны, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметі мен бағдарламаларын насихаттай алмайтыны туралы хабарлады. Назым Аманжолқызы студенттерді бос уақытта өз-өздерін дамытуға, кітап оқуға, таза ауада серуендеуге, университеттің фитнес-орталығына баруға, қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының психологы Шынар Байтоқанова діни тәжірибенің адамның психикалық денсаулығына әсері туралы айтып, жас адамның бір уақытта-ақ өз өмірі мен болашағын қалай құрта алатыны және өзін қоғамның зиянды әсерінен қалай қорғауға болатыны туралы бірнеше мысал келтірді.

Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Мәнсия Сқаққызы студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстанның құқықтық және зайырлы мемлекет болып табылатынына баса назар аударды. Оның айтуынша, діни көзқарастарды таратуға, сондай-ақ миссионерлік қызметпен айналысуға тек осы ресми тіркелген діни бірлестіктердің өкілдері ғана қатыса алады, олар да өз кезегінде жергілікті атқарушы органдарда миссионер ретінде тіркеуден өтеді. Діни әдебиетті тек ғибадат үйлерінде не жергілікті атқарушы органдар арнайы бөлген стационарлық орындарда таратуға рұқсат беріледі. Осыған байланысты Мәнсия Сқаққызы студенттерге көшелерде, супермаркеттер, аялдамалар жанында және т.б. орындарда діни сипаттағы кітаптарды алып, әңгімеге тартылуға, сондай-ақ түсініксіз сипаттағы жерлерге баруға болмайды деп ескертті.

Іс-шара әңгіме форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo