Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар сапасын арттыру» республикалық пікіралмасу алаңы өткізілді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар сапасын арттыру» тақырыбында онлайн республикалық пікіралмасу алаңы болып өтті.

Пікіралмасу алаңында әр өңірдегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері баяндама оқыды. Қыздар ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Қазақ психология қоғамының вице-президенті Күлмаш Елшібаева «Рухани-адамгершілік құндылықтардың жақсаруы отбасынан басталады» тақырыбында сөз қозғап, студенттердің жеке қасиеттерін дамыту мен анықтауға арналған сауалнама жүргізді.

Сырдария университеті «Stundents Union» одағының төрағасы Мейірхан Мырзаханұлы «Жастар арасындағы рухани адамгершілік» тақырыбында пікірімен бөлісті. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті құқықтану кафедрасының оқытушысы Дәулет Қожамбек адамгершілік құндылықтардың бүгінде аса маңызды екенін атап өтті.

С. Аманжолов ШҚУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Майра Шүршітбай «Бүгінгі жастар және адамгершілік құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, танымал тұлғалардың сөздерін тілге тиек етті.

Шара барысында студенттер ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Модератор, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәелелер бөлімінің маманы Бақдәулет Анас қонақтар мен қатысушыларға алғыс айтып, студенттерді белсенді болуға шақырды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo