Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ««Жастар ғылым мен білімді шыңдаған, тәрбиемен ұштастырған болашақтың кепілі» атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да онлайн режимінде колледждің тұңғыш директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Серік Зайтанұлы Тайбағаровты еске алуға арналған «Жастар ғылшым мен білімді шыңдаған, тәрбиемен ұштастырған болашақтың кепілі» атты облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны  ұйымдастырушылар – "Сәрсен Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан университеті"  КЕАҚ, университеттің Жоғары колледжі және "Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" КММ.

– Серік Зайтанұлы Тайбағаровтың есімі "Мектеп – колледж – ЖОО" үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Бұл жүйенің мақсаты кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға жүйелі тәсілді қолдану есебінен дәйекті, үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесінің белсенді субъектілері ретінде оқушылардың даму технологияларын үздіксіз іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. С.З. Тайбағаровтың идеялары жоғары оқу орнының білім беру жүйесіндегі колледждің рөлін тұжырымдамалық әзірлеуде өз мақсатына жетті. Біздің университетте оқитын студенттеріміз жоғары білім, содан кейін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білімдерін жетілдіреді. Көптеген мектеп түлектері оқуын жалғастырудың баламасы ретінде колледждерде оқуды таңдайды. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде бүгінде 9 мамандық (13 біліктілік) бойынша 750 студент білім алуда. Қазақстан экономикасын дамытудың қазіргі кезеңі білімге негізделген қоғам құруды көздейді, онда елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты инновациялық қабілетімен және жастарымыздың зияткерлік даму деңгейімен анықталады, – деді құттықтау сөзінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген. 

Жоғары колледж студенттері ғылыми қызметте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. мәселен, Даниил Ержанов студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында 2 орын, Аружан Зарқынбекова "Д.И. Менделеевтің периодтық заңының және химиялық элементтердің периодтық кестесінің ашылуына 150 жыл" студенттердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясында 1 орын, Назерке Рысбекова "Жас ғалым" оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарының IX республикалық конкурсында 2 орын алды. 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ғылыми ортаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. ЖОО-да заманауи ғылыми және оқу инфрақұрылымы жұмыс істейді: Қазақстан тарихы кафедрасының ардагер оқытушысы Ж. Ахмеров атындағы Цифрлық гуманитаристика кабинеті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, ҚР Жоғары мектеп академиясының академигі А.С. Ахметов атындағы Компьютерлік химия кабинеті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, химия ғылымдарының докторы, академик Е.Ә. Мәмбетқазиев атындағы Аналитикалық химия кабинеті мен зертханасы, Цифрлық педагогика зертханасы, Стем-орталық, зертханалар, роботты техника кабинеті, сондай-ақ әлеуметтік объектілер – А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталық, «Altai jastary» студенттік телестудиясы және студенттердің кәсіби бағытта креативті дамуына мүмкіндік беретін басқа да көптеген объектілер.

– Конференцияға қатысуға уақыт бөлген барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысымды білдіремін. Жемісті пікірталастар, жаңа идеялар мен олардың табысты жүзеге асуын тілеймін! – деді ректор М.Ә. Төлеген.

Сондай-ақ, "Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" КММ директоры А. Ақылбек, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.З. Байхонова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі Н.А.Завалко, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі А.Қ. Игібаева құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның модераторы Жоғары колледж директоры С.Д. Өтепов болды.

Конференция жұмысы төрт секция бойынша жалғасты: "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа бағыттары мен міндеттері" (модератор – Б.Т. Төлегенова), "Қазақстан дамуының негізгі бағыты – педагогикалық білім берудің жаңғыртылған нысандарын қалыптастыру" (модератор – Ж.К.Қарсақбаева), "Жаратылыстану ғылымының заманауи үрдістері мен мәселелері" (модератор – А.Қ. Кабдолла), "Болашаққа нақты қадам – бұл тарихи және мәдени дәстүрлерді ілгерілету және қолдану" (модератор – Н.Е. Исабаева), "Заманауи цифрлық ақпараттық технологияларды игеру – болашақ кәсіпқойдың бір қыры" (модератор – Қ.Е. Мәукенова).

Конференция ЖОО-лар, колледждер мен мектептер арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың кәсіби және үздіксіз білім алуын дамытуға жаңа серпін берді. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo