С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да факультет деканы М.Н. Мадияров пен декан орынбасарлары 1-5 курс студенттерімен қашықтан кездесу өткізді.
ЖҒжТФ деканы М.Н.Мадияров студенттерді санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау талаптарымен таныстырып, білім беру процесін қашықтан оқыту форматына ауыстыру аясында ерекше өзектілікке ие болған мәселелерді талқылады.
Онлайн кездесу барысында студенттер үшін де, оқытушылар құрамы үшін де, сондай-ақ факультет әкімшілігі үшін де маңызды оқу процесін ұйымдастырудың техникалық және білім беру аспектілері қозғалды.
– Жаңа форматтарға қарамастан, студенттер бітіру және біліктілік сынақтарына жауапкершілікпен қарауды ұмытпауы керек, – деп атап өтті декан және студенттерге тезистерді уақтылы тексеру қажеттілігі туралы еске салды.
Кездесу соңында факультет деканы студенттерге өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі барлық ұсыныстарды қатаң сақтауға шақырды.
Баспасөз қызметі