Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да жоғары оқу орындарының инклюзивті білім беру ортасы бойынша халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «ЖОО-ның инклюзивті білім беру ортасы: әркімге арналған даму трендтері» халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындарының тәжірибесінде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың инновациялық тәжірибесін талқылау және тарату.

Онлайн-семинар спикерлердің сөз сөйлеуі, жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім берудің проблемалық мәселелері бойынша пікірсайыс, сондай-ақ ZOOM сессия залдарында қатысушылардың ұсынымдар әзірлеуі бойынша шағын топтық жұмысы форматтарында өткізілді.

Семинардың модераторы – «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, БҒСБК доценті, психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты С.А. Стельмах.

Семинар қатысушыларына Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі М.Ә. Төлеген сөз сөйледі.

– 2016 жылдан бастап ШҚУ-дың ғылыми-әдістемелік семинары инклюзивті білім беруді дамытудың көптеген өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылау және қабылдау алаңы болып табылады. Жыл сайын семинарға қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы шешілмеген мәселелерді көтеріп, талқылайды. Бүгін біз Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Семей, Қостанай жоғары оқу орындарындағы әріптестерімізді, ресейлік серіктес ұйымдардың, Новосібір мен Армавир жоғары оқу орындарының өкілдерін қарсы алып отырмыз, – деді М.Ә. Төлеген.

Ректордың айтуынша, Шығыс Қазақстан университеті көптеген жылдар бойы өңірде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қызмет жүргізіп келеді және білім беру ұйымдары, білім беру мекемелерінің педагогтары мен мамандары, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналары үшін ресурстық орталық болып табылады.

Бірінші кезекте бұл арнайы және инклюзивті білім беру үшін мамандар даярлау. ШҚМУ-да дефектолог-бакалаврларды дайындау 2004 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұдан басқа, «Инклюзивті білім беру», «Инклюзивті мектепке дейінгі білім беру» пәндері шеңберінде білім беру мамандықтарының педагогтерін даярлау жүргізілуде.

2015 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы жұмыс істейді. Орталықтың мамандары даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды және олардың ата-аналарын ақпараттық, білім беру және консультациялық қолдау және сүйемелдеу, «Дефектология», «Психология», «Клиникалық психология» мамандықтарының студенттері мен магистранттарын практикалық даярлау және мамандандырылған және жалпы білім беретін мекемелердің логопедтерінің, сурдопедагогтарының, психологтарының біліктілігін арттыру, жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу бағыттары бойынша ресурстық қолдау көрсетеді.

Бұдан басқа, ШҚУ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетеді, кедергісіз сәулет ортасын құру, корпустардың қолжетімділігін және оларда қауіпсіз болуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, студенттерге әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Семинардың бірінші бөлімінде «Зияткер» ҒБО, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының сарапшысы, БҒСБК доценті, С. Аманжолов ат. ШҚУ профессоры, психология ғылымдарының кандидаты И.К. Мацкевич «ЖОО-да инклюзивті білім беру ортасын құрудың ең үздік тәжірибесі».

Сонымен қатар, академик Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды университеті дефектология кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) А.Р. Рымханова «Инклюзивті білім беруді кадрлық қамтамасыз етудің кейбір аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

Семинардың екінші бөлімінде жұмыс үш зал бойынша жүрді. «ЖОО-ның инклюзивті ортасы» сессия залында (модератор – Ирина Константиновна Мацкевич) «ЖОО-ның инклюзивті білім беру ортасы: идеялар мен нормативтер қақтығысы» пікірталас тақырыбы талқыланды.

«Мамандарды даярлау» сессия залында (модератор – Жанар Өтегенқызы Смайылова) «Инклюзивті оқыту және болашақ педагогтар мен мамандарды кәсіби даярлау. Сұраныс пен күтулерге сәйкестік» тақырыбы талқыланды. Мұнда Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау университеті әлеуметтік және жас педагогикасы кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Әлкешқызы Шаяхметова «ЖОО инклюзивті білім беру мамандарын даярлау платформасы ретінде» атты сессия баяндамасын оқыды.

«Педагог-ассистент» (модератор – Мадина Даулетқанқызы Әуренова) сессия залы барысында «ЖОО-да педагог-ассистенттерді даярлау мәселелері: қалай дайындау керек, көп дайындау керек пе, қажет бола ма?» тақырыбы талқыланды.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Дмитрий Владимирович Лепешев сессияда «Педагог-ассистент: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі инклюзивті кеңістігінің педагогы» хабарламасын ұсынды.

Семинардың қорытындысында ұжымдық ұсынымдар таныстырылып, талқыланды және бекітілді.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo