Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ЖОО-лардың академиялық дербестігі жағдайында шығармашылық әлеуетті арттыру жолдары қарастырылған республикалық конференция өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Рухани жаңғыру» Қазақстанның ғылыми кеңістігін дамыту факторы ретінде» атты республикалық онлайн конференция өтті.

Қатысушылар алдында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхтар Төлеген, Алтай мемлекеттік университеті халықаралық қызмет басқармасының басшысы Михаил Домуховский, Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков, ШҚО ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Шерьязданова сөз сөйледі.

Конференцияда жоғары оқу орындарына мемлекет ұсынған академиялық автономия олардың шығармашылық, ғылыми әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіні аталып өтілді.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ жүйелі тәсілге негізделген өз жолын тапты, ол – ғылыми зерттеулер жүргізу, осы зерттеулердің нәтижелерін білім беру процесіне енгізу, жаңа зерттеу жобаларын, оның ішінде гранттық жобаларды іске асыру арқылы ғылыми нәтижелерді республикалық және халықаралық деңгейде орналастыру.

Университетте ғылыми институттар, орталықтар мен зертханалар жүйесі құрылған, олардың қызметін басшылық жан-жақты қолдайды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген және оның командасы осындай ғылыми мекемелерді ұйымдастырушылық және қаржылық қолдауға бағытталған жоспарлы, жүйелі жұмыс жүргізуде, жобалық қызметті жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалған. Осының арқасында ЖОО ғалымдары ғылыми-зерттеу қызметімен толыққанды айналысу мүмкіндігіне ие болды, оның нәтижелерін отандық және шетелдік сарапшылар жоғары бағалап, ұлттық ғылыми кеңестер мақұлдады және ҚР БҒМ Ғылым комитеті гранттық қаржыландыру түрінде қолдады. Нәтижесінде, соңғы үш жылда университеттің жобаларын қаржыландыру көлемі 10 есе артып, 1 миллиард теңгеден асты.

Конференция барысында университетте өңірлік ғылыми-академиялық орталықтарды дамыту үшін негіздер қалыптастырылғаны, бұл жоғары оқу орындарының ғылым және академиялық артықшылық орталықтары ретінде жұмыс істеуінің әлемдік практикасына сәйкес келетіні аталып өтілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo