Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсы бойынша комиссияның алғашқы онлайн отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ректор М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы бойынша конкурстық комиссияның онлайн отырысы өтті. Отырысқа проректорлар, конкурстық комиссия мүшелері, конкурсанттар қатысты.

Отырыс барысында Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №466 бұйрығымен бекітілген «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын берудің жаңа қағидалары, қағидаларға өзгерістер, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге арналған республикалық конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңіне қатысу үшін үміткерлердің кандидатуралары және т.б. мәселелер қаралды.

– Биыл конкурс жаңа ережелер бойынша өтеді, конкурстық құжаттар электронды форматта беріледі. Байқау ашық түрде өтуі керек, барлық қажетті растайтын құжаттар мұқият тексерілуі керек. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер 50 штаттық оқытушыға бір үміткерден аспайтын есеппен Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы құжаттар тапсырады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін ЖОО-да бір үміткер анықталады. Бұл ретте ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушылардың және өтілі 15 жылдан асатын оқытушылардың арақатынасы үміткерлердің жалпы санының кемінде үшеуін құрайды. Үміткерлердің деректері Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді. Қатысушылар лайықты, қолдау көрсетеміз және сәттілік тілейміз! – деп атап өтті унивесритет ректоры Мұхтар Төлеген. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге республикалық конкурстың ЖОО ішіндегі кезеңінің І кезеңіне қатысу үшін университеттің 7 оқытушысы өтінім берді. Қазіргі уақытта құжаттаманы дайындау жүріп жатыр, 9 қарашадан бастап байқаудың ЖОО ішіндегі кезеңіне қатысу үшін БҒМ АЖ құжаттарды жүктеу басталады.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген атап өткендей, конкурсқа қатысу үшін құжат тапсырған оқытушылардың ғылыми және оқытушылық қызметте көптеген жетістіктері бар. Сонымен қатар, ол университеттің барлық оқытушыларына белсенді ғылыми қызмет жүргізуді жалғастыру, импакт-факторы, Хирш индексі бар журналдарда көбірек жариялану, халықаралық деңгейге жиі шығу қажеттігін атап өтті.

Кеңес барысында ректор университеттің де жаңа жетістіктері туралы айтып берді.

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімі

Қазақ
× You found a Typo