Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ЖОО және мектеп түлектері қатысқан бірлескен вебинар өтті

Экономика және басқару  кафедрасы «Таңдау сенікі!» кәсіптік бағдарлау апталығы аясында жаңа форматта кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Күршім, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласы орта мектептерінің түлектері Zoom платформасы арқылы вебинарға шақырылды.

Тікелей эфирге кафедраның оқытушылары, университет Ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Л.П. Ершова қатысты. Вебинардың модераторы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Қойшинова болды.

Вебинар барысында мектеп түлектеріне «Туризм» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Г.К. Койшинова және «Туризм» ББ студенттері танымдық туризмі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Ғылыми кітапхананың бас кітапханашысы Любовь Ершова талапкерлерге кітапхана тарихын айтып, бірегей кітап қорын, сирек кездесетін кітаптарын көрсетті.

Туризм мамандығының 3 курс студенті Әлімжан Дайырбаев ағылшын тілінде презентация жасады.

«Туризм» ББ студенттері танымдық туризм бойынша қызықты презентациялар көрсетті. Мектеп түлектеріне білім беру бағдарламалары туралы, университет ұсынатын артықшылықтар туралы ақпарат берілді.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo