Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы шәкіртақының иегері анықталды

«Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Нариман Қайырбеков Уәлиев атындағы стипендияның иегері атанды.

Жұмаш Кәрімұлы Уәлиев атындағы шәкіртақыны тағайындау байқауы тәмамдалды. 10 үміткер байқаудың екінші кезеңіне шақырылып, ШҚУ-дың №5 оқу  ғимаратында онлайн форматта өз ғылыми жетістіктерін қазылар назарына ұсынды.

Уәлиев атындағы шәкіртақы студенттің ғылыми-шығармашылық, ең бастысы, оқудағы қызметін ынталандыру, Жұмаш Кәрімұлының есімін мәңгілік ету мақсатында тағайындалады. Ай сайын бір оқу семестрі бойы 25 мың теңге көлемінде беріледі.

Жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясына оңай тиген жоқ, үміткерлер арасындағы бәсеке қызу өтті. Байқауды барынша әділ өткізу мақсатында тәуелсіз сарапшылар да шақырылды, олардың қатарында СД және ҒЖ жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент И.В. Ровнякова, ИДжК департаментінің директоры, т.ғ.к. С.К. Қабдрахманова, «PARASAT» студенттерге көмек көрсету орталығының басшысы М.О. Мұстафина, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің басшысы Н.А. Аманжолова, Студенттер кәсіподағының төрағасы Қ. Жексембаев, ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а. Ш.Х. Найзабаева болды. 

Ұзақ талқылаудан кейін, 2020-2021 оқу жылының бірінші семестріне арналған Уәлиев атындағы шәкіртақының иегері атануға 6В05302 «Химия» мамандығының 2 курс студенті Нариман Қайырбеков лайық деп табылды.

Жеңісімен құттықтай отырып, жаңа ғылыми табыстар тілейміз!

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo