Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да жұмыс берушілердің қатысуымен түлектерді тілдік білім беру бағдарламалары бойынша даярлау мәселесі талқыланды

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы мен Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының дайындық бағыттары бойынша жобалық комитеттің бірлескен отырысы өтті.

Отырыс басында жобалық комитет басшысы Г.К. Қапышеваның білім беру бағдарламалары бойынша дайындық бағыттары, 2020-2021 оқу жылына арналған оқу жоспарларын оңтайландыру туралы ақпараты тыңдалды.

– Элективті пәндер каталогын уақытылы өзгерту және толықтыру мақсатында жұмыс берушілермен тікелей байланыс күшейтілді. "Шет тілі: екі шет тілі" және "Аударма ісі" ББ студенттердің, түлектердің және жұмыс берушілердің мүдделерін ескере отырып жаңартылды. "Шет тілі: екі шетел тілі" және "Аударма ісі", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Орыс тілі мен әдебиеті" ББ әзірлеу осы мамандықтар бойынша білім беру процесін жүзеге асырудың маңызды шарттарының және құралдарының бірі болып табылады, – деп атап өтті Г.К. Қапышева. – Оңтүстік Корея, ҚХР, Польша, Германия, Литва, Малайзия, АҚШ университеттерімен жасалған шарттар аясында студенттер мен оқытушылардың сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығы белсенді дамуда. Студенттер түрлі оқу бағдарламаларына қатысып, басқа да шетелдік жоғары оқу орындарының баға жетпес тәжірибесі мен білімін алуға мүмкіндік алады.

"Шет тілі: екі шет тілі" және "Аударма ісі" білім беру бағдарламасының траекториялары түлектердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, студенттермен және жұмыс берушілермен келісілген.

Г.К. Қапышева шет тілінде білім берудің жаңартылған мазмұнын, мемлекеттік және орыс тілдерінің жаңартылған мазмұнын меңгеруде мектептерге әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, білім алушылардың тәжірибесін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату бойынша жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo