Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Жылдың үздік студенттік ғылыми үйірмесі» байқауының қорытындысы шығарылды

Биыл алғаш рет байқау комиссиясы студенттік ғылыми үйірмелер жетекшілерінің байқауға ұсынған құжаттарын қарап қана қоймай, сондай-ақ үйірмелер қызметіне онлайн форматында тартылған студенттер мен магистранттардың презентацияларын бағалады.

Конкурстың мақсаты – студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында бәсекелестік ортаны құру.

Жаһандану дәуірі өзіндік ережелерді белгілейтін жедел дамып жатқан әлемде жастар ғылымының дамуы үлкен назар аударуды қажет етеді. Студенттер мен магистранттардың үйірме жұмысына қатысуы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Байқау комиссиясы биыл алғаш рет үйірме жетекшілері ұсынған құжаттарды қарастырып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми үйірмелер қызметіне қатысатын студенттер мен магистранттардың онлайн форматындағы презентацияларын бағалады.

Комиссия шешімімен бірінші орынды «Жылдың үздік студенттік ғылыми үйірмесі» атағын  иеленген «Бухгалтер 21 века» үйірмесі алды,  жетекшісі – Қаржы және есеп кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Қ.Ж. Шолпанбаева.

Екінші орын «Жас заггер» үйірмесіне берілді, үйірме жетекшісі – Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, з.ғ.к. Р.А. Орсаева.

Үшінші орын комиссияның шешімімен «Экономист» үйірмесіне берілді, үйірме жетекшісі – Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушылары Л.Б. Жакибаева мен Е.Б. Домалатов.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды: 1 орын – 30 000 теңге, II орын – 20 000 теңге, III орын – 10 000 теңге.

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз және ғылыми жетістіктер тілейміз! 

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлім

Қазақ
× You found a Typo