Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Жылы жүрек» акциясы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында «Жылы жүрек» акциясы өтті.

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №1 оқу ғимаратында облыстық ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында «Жылы жүрек» донорлық акциясы өтті.

Басты мақсат – жастар санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, жас ұрпақты кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу, қан тапсыру арқылы науқастар өмірін сақтауға ықпал ету.

Жастар қан тапсыру арқылы алған қаржыларын өз қалауларынша қайырымдылық жәшігіне салды, жиналған қаржы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі.

Акцияға оқу орнымыздың қызметкерлері, студенттері мен еріктілер, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері белсене қатысты.

Тәрбие жұмысы және

әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo