Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дағы «Creative science» клубының жаңа төрайымы тағайындалды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Creative science» клубының төрайымын тағайындау шарасы өтті.

Физика кафедарсының «Creative science» ғылыми клубында онлайн форматта, Зум платформасында  төрайым тағайындау  шарасы өтті. Шара  басында физика кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.С. Бектасова клуб мүшелеріне ақыл-кеңесін айта отырып, төрағалыққа үміткерлерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шахризада Найзабаева клубтың соңғы жетістіктерін айта келе, клубтың жаңа басшыларына клуб жұмысын биік өреге көтерулерін және шығармашылық табыс тіледі.

«Creative science» клубының жетекшісі, техника ғылымдарының магистрі Парасат Зұлқаршын өткен жылғы клуб төрайымдары, «Физика» мамандығының 4 курс студенттері  Бибіхан Талапты, Аружан Толықбаеваны белсенділіктері үшін алғыс хатпен марапаттады. Шараға «Физика-имформатика» мамандығының 2 курс студенті Ақиық Октябрь, «Физика пәнінің мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенті Ақжан Қажыбек, «Физика пәнінің мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенті Алау Ардақ, «Ядролық физика» мамандығының 1 курс студенті Мадина Мұратбек қатысты. Барлығы өздерін таныстырып, ойларын ұсынды. Слайд, видеоларын көрсетті.

37 клуб мүшесі «Уатсап» желісі арқылы дауыс берді. Алау Ардақ 13, Мадина Мұратбек 11, Ақиық Октябрь 7, Ақжан Қажыбек 6 дауыс жинады.

Нәтижесінде «Физика пәнінің мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенті Алау Ардақ клуб төрайымы болып, қалған үміткерлер төрайым орынбасарлары болып тағайындалды.

Жаратылыстану  ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo