7 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚУ Денсаулық сақтау пунктінің медицина қызметкерлері С.В. Мальцева және О.П.Пыханова №3 студенттер үйінің санитарлық жағдайына тексеру жүргізді.
Тексеру барысында анықталды: жатақханада 115 адам тұрады, санэпидрежим сақталады, дезқұралдар (гипохлорид Са) және жуу құралдары жеткілікті мөлшерде бар. Кіреберісте бактерицидті сәулелендіргіш орнатылған. Студенттердің бөлмелері таза.
Студенттермен COVID-19-дың алдын алу шаралары туралы әңгіме жүргізілді. Студенттер үйінде тұрғындардың дене температурасын күнделікті өлшеу журналы жүргізіледі. Тексеру кезінде науқастар болған жоқ.
Сонымен қатар, барлық тұрғындар жұқпалы тері аурулары мен педикулезге тексерілді. Науқастар анықталған жоқ.
Денсаулық сақтау пункті