Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ доценті «Латыннегізді жаңа қазақ әліпбиі – ұлттық рухани жаңғырудың негізгі өзегі» конференциясында баяндама жасады

С.Аманжолов атындағы ШҚУ доценті «Шығыс» аймақтық орталығы ұйымдастырған «Латыннегізді жаңа қазақ әліпбиі – ұлттық рухани жаңғырудың негізгі өзегі» онлайн конференциясында баяндама жасады.

Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдеріне арналған конференцияда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Айман Алдаш «Жаңа әліпби негізінде қазақ тілінің емле ережелері – мамандар талқылауынан өткен нұсқа», С. Аманжолов атындағы ШҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Әлімхан «Латыннегізді қазақ әліпбиі: мүмкіндіктері мен болашағы», ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы, тренер Ләйлә Әбілмәжінова «Жетілдірілген әліпбидегі жаңалықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияда жаңа қазақ әліпбиіндегі таңбалар жүйесі, емле ережелеріндегі негізгі жаңалықтар мен латын әліпбиіне көшудің алдағы міндеттері жайлы мәселелер көтерілді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo