Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ докторанттарының саны 2 жылда 8 есеге артты

Екі жыл ішінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің докторанттарына жасалатын жағдайдың арқасында олардың саны 5-тен 40-қа дейін өсті!

Докторанттардың бұлай күрт көбеюі мемлекет пен университет ұсынатын жағдайлармен байланысты.

Бұл туралы С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлегеннің ЖОО докторанттарымен кездесуінде айтылды.

М.Ә.Төлеген атап өткендей, егер бұрын докторантурада білім алушылар үшін гранттар болмаса, қазір олар бөлінеді, бұдан басқа, 150 мың теңге сомасында стипендия төленеді!

Алайда, ректордың айтуынша, мұндай тартымды жағдайлар қайтарымды міндеттейді, сондықтан ол докторанттарды ғылыми жұмыста белсенді болуға шақырды.

– Біз барлық жағдайды жасаймыз, бірақ сіздер ғылыми жобаларға, соның ішінде ғылыми жетекшілер ретінде қатысуға, жоғары импакт-факторлы журналдарда жариялануға тиіссіздер. Біздің университеттің алдында үлкен міндет тұр – біз іргелі ғылыми, оқу, тәрбие орталығына айналуымыз керек, – деп қорытындылады университет ректоры.

Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo