Қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары ІТ-сауаттылық және қашықтықтан білім беру технологиялары жағдайында оқу процесін ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 70 оқытушысы «ЖОО оқытушысының IT-сауаттылығы»; 78 оқытушысы «Онлайн-курстарды құрудың теориясы мен практикасы»; 172 оқытушысы «ҚБТ жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың теориясы мен практикасы» курстарында оқығаны үшін сертификаттар алды.
30 қыркүйекке дейін барлық профессорлық-оқытушылық құрам ақпараттық-коммуникативтік технологиялар немесе қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, оқу процесі 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту форматында басталды. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін екі LMS қолданылады: eUniver білім беру порталы eUniver (http://euniver.vkgu.kz) (http://euniver.vkgu.kz) және қашықтықтан оқыту порталы (http://edu.vkgu.kz/) и портал дистанционного обучения (http://edu.vkgu.kz/).
Баспасөз қызметі