«ШҚУ-дың 2018-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасында» сапалы білім беру қызметін жүзеге асыру үшін білікті кадрларды даярлауға баса назар аударылған.
Университеттегі Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының қызметі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.
Ағымдағы оқу жылында ЖОО-ның 338 оқытушысы мен қызметкері өз біліктілігін арттырды, оның ішінде 271 оқытушы – Қазақстанның жоғары оқу орындарында, екеуі – шетелдік жоғары оқу орындарында, 67 қызметкер – еліміздің ғылыми оқу орталықтарында.
Оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру орындары қатарында Педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» ББЖБАРИ, Шәкәрім атындағы СМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық ГПИ, ҚАЕУ, «Атамекен» ҰКП, ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Алматы полиграфия колледжі, «Стандарт ЛК» ЖШС, ҰИД сертификаттау орталығы, Қаржы академиясы бар.
Баспасөз қызметі