Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры күндізгі бөлім білім алушыларымен оқу үрдісі бойынша кездесті

6 қарашада онлайн режимінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы күндізгі бөлім білім алушыларымен оқу үрдісі бойынша кездесті.

Бір сағаттан астам уақытты қамтыған «сұрақ-жауап» форматындағы ашық және сенімді кездесуге бір мезетте 500  қатысушы қосылды.

Білім алушылармен кездесуде Д. Ерболатұлы білім беру үрдісісінің сапасына, білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпараты бар 2838 қашықтан оқыту курстары орналастырылған ШҚУ қашықтан оқыту edu.vkgu.kz порталына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ШҚУ-дың қашықтан оқыту жүйесі BigBlueButton бейнеконференциясының кіріктірілген модулі арқылы онлайн-сабақтарды ұйымдастыруға, ШҚУ Ғылыми кітапханасының электрондық ресурстарын пайдалануға, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы  әзірлеген 1500-ден астам бейнедәрістерді қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Нормативтік құжаттардағы жаңа өзгерістерге байланысты жоғары оқу орнының академиялық саясаты жаңартылды, IT сауаттылық бойынша ПОҚ біліктілігін арттыру ұйымдастырылды, цифрлық педагогика зертханасы ашылды, оқу аудиториялары мен зертханалары техникалық жарақтандырылды, серверлер, компьютерлер, интерактивті панельдер және т.б. сатып алынды.

Проректор ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу үшін білім алушылардың белсенділігінің статистикасы жүргізілетінін атап өтті, бұл қашықтан оқыту білім беру порталына кіруді, практикалық тапсырмаларды орындауды, онлайн-сабақтарға қосылуды бақылауға мүмкіндік береді.

Одан әрі студенттер проректорға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында білім беру процесінде қашықтан оқыту мәселелері, емтихан мерзімдері мен шарттары, диплом және магистрлік жұмыстарды жазу және қорғау, практикадан өту мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Кездесу соңында Д. Ерболатұлы қашықтан оқыту порталында академиялық мәселелер жөніндегі проректордың форумы құрылғанын, онда білім алушылар оқу процесіне қатысты қызықтыратын сұрақтар қоя алатынын айтты.

«Парасат» СҚКО

Қазақ
× You found a Typo