С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіндегі «Creative science» клубында «1-QYZYQ» ойыны өтті.
Физика кафедарсының «Creative science» ғылыми клубы онлайн форматта Kahoot бағдарламасы арқылы ойын өткізді.
Ойын сұрақтары Инстаграм парақшамызда бір апта көлемінде жарияланған қызықты мәліметтерден алынды. Жыл командасын анықтау мақсатында клуб мүшелері үш командаға бөлініп, команда ішінде капитандар сайланды. Жалпы саны 31 адам қатысты.
Көптеген студенттер жоғары нәтиже көрсетті. Казіргі кезде үшінші команда алда келе жатыр.
Сонымен қатар, клубтың логотипі өзгертілді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті