Физика кафедрасының «Creative science» клубы «Эврика» ғылыми жобалар байқауын өткізді. Байқау мақсаты – студенттерді нақты ғылыми жобаларға баулу, ғылыми жобаларға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқауға Физика кафедрасының физика, ядролық физика, физика-имформатика мамандықтарының үшінші, екінші, бірінші курс студенттері белсене қатысты.
Қазылар алқасында университеттің жас ғалымдары Бауыржан Тұяқбаев, Нұрғамит Қантай, Физика кафедрасының меңгерушісі Гүлсім Бектасова болды.
1 орынды физика мамандығының 1 курс студенті Алау Ардақ, 2 орынды ядролық физика мамандығының 4 курс студенті Дмитрий Сапрыкин мен физика-имформатика мамандығының 2 курс студентері Ақиық Октябрь, Шолпан Нұрланқызы, 3 орынды ядролық физика мамандығының 3 курс студенті Руслан Кондакиров, Нұрасыл Жомартқан, Әмина Ноқанова алды.
«Эврика» стартап жобалар байқауы жылда өтсе де, биыл қатысқан студенттердің жобалары өзектілігімен, жаңашылдығымен, өндіріске ену мүмкіндігімен ерекшеленді.
Физика кафедрасы