Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың «Дефектология» мамандығының студенттері зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханаға барды

Педагогика, психология және мәдениет факультеті «Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері ерекше оқырмандарға арналған кітапханамен танысу мақсатында облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасына кездесуге барды.

Кездесу барысында қызметкерлер кітапханаға экскурсия жасатып, оның ерекшелігімен, зағип оқырмандарға арналған арнайы құралдармен, Брайль жүйесінің бедерлі-нүктелі қаріптерімен, осы қаріпте басылып шығарылған кітаптармен, жұмыс жүргізу әдістерімен таныстырды.

Зағип жандардың тұрмыстық жағдайдағы  әлемін студенттер ойын түрінде ұйымдастырылған шарадан сезініп, түсіне алды.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo